Меню

Страницы

Статья

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ноғайты ауылында ерекше мазмұнды әрі тағылымды іс шара ұйымдастырылды.


Ауыл әкімдігі, кітапхана мен клуб үйі қызметкерлері және ауыл өнерпаздары бірлесе отырып, ауылдың сыртқы Халықаралық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерекелік көрініс өткізді. Шара барысында қатысушылар қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, көк Туымызды желбіретіп, ұлттық тағамдар ұсынып, домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқап, келген жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жол үстінен өткен түрлі ұлт өкілдері – қарақалпақ, өзбек, татар, болгар, грузин, орыс, түрік елдерінің азаматтары арнайы тоқтап, мерекенің мән-маңызымен танысып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізіп, сый-сияпаттарын да табыстады.
Өз кезегінде Ноғайтылықтар қонақтарға қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген тақияларды сыйға тартып, халқымыздың қонақжайлылығы мен кеңпейілдігін көрсетті.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип

Сейчас читают

15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
02 октября 2026
Өнегесі мол қарттары
24 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы