Меню

Страницы

Статья

Ащы ауылдық округінде "Армысың, Әз Наурыз!" атты концерттік бағдарлама өткізілді

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз, жыл басы қашанда бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың, жаңару мен  жаңа өмірдің жаршысы  іспетті. Халқымыз ежелден-ақ  алдағы күндердің жақсылығы мен қуанышының бастауы Наурызда деп білген. Келіп жатқан жыл басы, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, халық қастерлеген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ащы ауылдық округі, Ноғайты ауылына қарасты барлық мекемелердің ұйымдастыруымен “Әз-Наурыз” атты концерттік бағдарлама өткізілді.
🌼🎶 Көркем әндер мен билер, ұлттық ойындар мен өнердің барлық түрі — бұл күн бізді біртұтас етіп, ерекше бір атмосфера сыйлады. Ұлыстың ұлы күніне арналған концертке қатысқан барлық өнерпаздарға, сонымен қатар демеушілік еткен Аманат партиясына, Теміржол мекемесінің қызметкерлеріне, Абылайхан ш/қ басшысы Ыбырайымов Тұрдыбек Жүсіпұлына, жеке кәсіпкерлер Әбілханов Есімге, Борашов Айханға, Раушанова Мейрамгүлге үлкен алғысымызды білдіреміз! Жаңа жылда жаңа жетістіктер мен бақыт тілейміз!

Дата публикации
27 марта 2025
Дата обновления
27 марта 2025
Тип

Сейчас читают

15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
02 октября 2026
Өнегесі мол қарттары
24 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы