Меню

Страницы

Статья

​​Зейнетақы жинақтарыңызды хабарландыру таратқыш делдалдарға сеніп тапсырмаңыз!

​​Зейнетақы жинақтарыңызды хабарландыру таратқыш делдалдарға сеніп тапсырмаңыз!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар таратылуда.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларына ЕСКЕРТЕДІ: зейнетақы жинақтарын алу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін. Ең алдымен, бұл зейнет жасына толу, 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік, шет елге тұрақты тұруға кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емделуге заңнамамен белгіленген шарттар сақталған жағдайда, төмендегі азаматтардың санаты пайдалана алады:
* ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар (ТЖШ-дан асатын сома шегінде);
* зейнетақысы жоғалған табыстың (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер - олар шотта қалған жинақтарының 50% дейін пайдалана алады;
* еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтарының 100% дейін пайдалана алады);
* зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинақтарының 100% дейін пайдалана алады).
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы мүмкін болады. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.

Дата публикации
09 января 2025
Дата обновления
09 января 2025
Тип

Сейчас читают

15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
02 октября 2026
Өнегесі мол қарттары
24 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы