GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
05 октября 2026
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр 3–4 қазан күндері Астана қаласында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр 3–4 қазан күндері Астана қаласында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірде өндірілген 200 тоннадан астам өнім ұсынылуда.

Жәрмеңке Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында ұйымдастырылған. Оған Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және қайта өңдеу кәсіпорны қатысуда. Сауда сөрелеріне 75 тонна ет, 44,4 тонна картоп пен көкөніс, 11,7 тонна сүт өнімі, 24 мың дана жұмыртқа, 3,5 тонна балық, сондай-ақ шұжық, ұн және ұн өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар мен басқа да тауарлар қойылған. Жәрмеңкедегі өнімдер Астана қаласының нарықтық бағасынан 15–20%-ға төмен бағамен сатылуда. Бұл елорда тұрғындарына сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

«Бүгін жоспарға сәйкес Ақтөбе облысынан Астана қаласына жәрмеңкеге келдік. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордаға 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткіздік. Оның ішінде ет, сүт өнімдері мен көкөністер бар. Облысымызда асыл тұқымды мал шаруашылығына басымдық берілгендіктен, сиыр етінің сапасы жоғары. Елорда тұрғындары мен осында тұратын жерлестеріміз Ақтөбе етін асыға күткен екен. Жәрмеңкеге келушілердің көңіл-күйі көтеріңкі, өнімдерімізге ризашылығын білдіріп жатыр», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Алжанов. Жәрмеңкеге жеткізілген ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Айбек» ет комбинатында мал сою жұмыстары жүргізіліп, 150 бас ірі қара, 50 бас жылқы және 200 бас қой сойылған. Дайын ет өнімдері Астана қаласына жеткізілді.

 «Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбедегі «Айбек» ет комбинатында мал сою жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 150 бас ірі қара, 50 бас жылқы және 200 бас қой сойылып, сапалы ет өнімдері Астана қаласына жеткізілді. Бүгінде елордамызда жәрмеңке өтіп жатыр. Жерлестеріміз, ақтөбеліктер келіп, өнімдерімізді қуана сатып алуда. Жәрмеңкенің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалаймыз», – деді «Реймқұл» шаруа қожалығының басшысы Самат Қалдығұлов. Жәрмеңкеде өңірдің қайта өңдеу кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының өнімдері де кеңінен ұсынылған. Атап айтқанда, «Айс+» және «Агрофирма Тау» кәсіпорындарының сүт өнімдері, «Шыңғыс» және «Абылай» шаруа қожалықтары мен «Шекшек Ата» ауыл шаруашылығы кооперативінің қымыз, шұбат және ешкі сүті сатылуда. Сонымен қатар «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» және «Рамазан» кәсіпорындарының ұн және макарон өнімдері, «АТК «Айбек», «Степное», «Рокос» кәсіпорындарының ет консервілері мен шұжық өнімдері, жылыжай шаруашылықтарының көкөністері және басқа да тауарлар ұсынылған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген өнімдер де жәрмеңке сөрелерінен орын алған.

24 сентября 2026
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары

2026  жылдың  26 қыркүйек  күні сағат 8:00-де Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне, оның ішінде ет өнімдерін сатуға бөлінген 1 қатардың 11 орнында  Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының өнімдері де ұсынылады.

Жәрмеңкелік өнімнің бағалары нарық бағасынан 10-15% - ға төмен болады.

        

11 сентября 2026
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ш.Мажитовтың және облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.М.Омарованың қатысуымен Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
💬Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді. Соның ішінде:
🔹азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
🔹іскерлік киім үлгісін сақтау;
🔹мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
🔹қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
🔹масаң күйде көлік құралын басқармау;
🔹әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
🔹құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.
⚖️ Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі талдау жүргізу тәртібіндегі жаңашылдықтар, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды. Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің маңызды негізі. #мқіа #адгс #әдеп #этика #мемлекеттікқызмет

15 июля 2026
Дизель отынын жеткізуші-операторды айқындау бойынша құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау мұнай өңдеу зауытынан 2026 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отынын Ақтөбе облысына жеткізу бойынша жеткізуші-операторды айқындауға қатысу үшін мұнай өнімдерін жеткізушілерді құжаттарын ұсынуға шақырады.

2026 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынының көлемі – 8003 тонна.

Атырау мұнай өңдеу зауытынан дизель отынын жіберу бағасы – 300 285 теңге/тонна немесе 250-252 теңге/литр (ҚҚС-пен қоса, FCA-тиеп-жөнелту станциясы шарттарымен) құрайды.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылатын түпкілікті тұтынушы үшін дизель отынының бағасы литріне 281 теңгеден аспауы тиіс (ҚҚС-пен қоса).

Басқарманың орналасқан мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы – 40, 513-кабинет (кірус Пацаев көшесі жағынан). Тел.: 8/7132/747599, эл. почта: a.dzhusibaliev@aktobe.gov.kz.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15-22 шілде аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдауды мерзімі 2026 жылғы 22 шілде күні сағат 17:00-де аяқталады.

2026 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынының жеткізуші-операторын айқындау жөніндегі комиссияның отырысын 2026 жылғы 24 шілдеде сағат 15:00-де облыс әкімдігі ғимаратында өткізу жоспарлануда. Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты немесе орны өзгерген жағдайда, қатысушыларға қосымша хабарланады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 17-тармағына сәйкес, дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға ниет білдіруші әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:

1) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

- мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

- техникалық паспорттың көшірмесі;

- цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

- «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы;

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.

19 июня 2026
Ақтөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

20 маусым күні таңғы сағат 08:00-ден бастап Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарының аумағында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге Ырғыз, Шалқар және Мәртөк аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, тұрғындарға табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне жалпы көлемі 3 тонна ет және 1,5 тонна сүт өнімдері шығарылмақ. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін дамытып жүрген қатысушылардың өнімдері де ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеде сатылатын тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 15 пайызға арзан болады. Бұл тұрғындардың сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік береді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, мұндай жәрмеңкелер өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі саналады. Өйткені жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсына алады. Сонымен қатар, жәрмеңкелер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға және отандық өндірістің дамуына оң әсер етеді.

11 июня 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 22 маусым -22 шілде аралығында «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаі жүргізу жоспарлануда.

Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін байланыс телефоны: +7(7132) 74-75-96.

08 июня 2026
Жәрмеңке

Ағымдағы жылдың 6 маусымында Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында ұсынды. Тауар өндірушілер жалпы 3,4 тонна ет өнімдері, 1,3 тоннадан астам сүт өнімдерін өткізді.

 

Жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылып, қала тұрғындары мен қонақтарының сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік жасалды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер ұсынылды.

 

Аталған бағыттағы жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Бұл шара өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды.

25 мая 2026
Ағымдағы жылдың 23 мамырында Мәртөк, Ырғыз және Шалқар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында ұсынды.

Бүгінгі жәрмеңкеге Шалқар, Ырғыз, Мәртөк аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында ұсынды. Тауар өндірушілер жалпы 4,5 тонна ет өнімдері, 2 тоннадан астам сүт өнімдерін өткізді.

Жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылып, қала тұрғындары мен қонақтарының сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік жасалды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер ұсынылды.

Аталған бағыттағы жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Бұл шара өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды.

15 мая 2026
Ақтөбе облысының жылыжай шаруашылықтары көкөніс бағасын тұрақтандыруда маңызды рөл атқаруда

Ақтөбе облысының жылыжай шаруашылықтары көкөніс бағасын тұрақтандыруда маңызды рөл атқаруда
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғ. Елеуов және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы бастаған жұмыс тобы қаламыздағы бірқатар жылыжай кешендерінің қызметімен танысты.
Қазіргі таңда облыс бойынша жалпы аумағы 47 гектарды құрайтын 40 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар жылына 20 мың тоннаға жуық қияр мен қызанақ өндіреді. Өндірілген өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, еліміздің өзге өңірлеріне және жақын шетелдерге экспортталуда.
Өндірістің негізгі үлесі «Green Capital Kazakhstan» ЖШС, «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС және «Izet Greenhouse» ЖШС-не тиесілі. Аталған кешендер заманауи Ultra Clima технологиясы негізінде голландиялық KUBO және Dalsem компанияларымен бірлесіп салынған.
Жұмыс сапары барысында кәсіпорын басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өндіріс барысында туындаған өзекті мәселелерді шешу бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелерді реттеу және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жұмыстары жалғаса береді.

20 апреля 2026
Қобда, Ойыл және Байғанин аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында өткен жәрмеңкеде ұсынды.

18 сәуір күні Табыс коммуналдық базары алаңында Қобда, Ойыл және Байғанин аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Шара барысында өндірушілер жалпы көлемі 4,5 тонна ет өнімдерін және 2 тоннадан астам сүт өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен сатылып, тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, келушілерге ет және сүт өнімдерімен бірге «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген түрлі тауарлар да ұсынылды.

Осындай жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл бастама өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға жеткізуге жол ашады. Нәтижесінде, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылмақ.

Социальные сети
selhoz_oblast
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы