Шаруалар назарына!

Шаруалар назарына!

Шаруалар назарына!

 Қазіргі уақытта мал төлдеу науқаны аяқталып, шаруалардың алдағы науқанға дайындығы басталуда. Ол – әрине, мал азығын дайындау. Дегенмен, осы жұмыспен қатар жүретін, мал басын тұқымдық түрлендіру, яғни айтқанда шағылыстыру жұмыстарын жүйеге келтіру немесе мал басының тұқымдық сапасын арттыруға байланысты шаралар қабылдау да маңызды мәселелердің бірі.    

Осыған байланысты, шаруашылықтар, асыл тұқымды аталық малды cатып немесе жалға  алу жұмыстарын жеделдетіп, ертеңгі сапалы өнімнің негізін бүгіннен қалауы тиіс. Себебі, қазіргі қолданыстағы Қағидаға сәйкес, асыл тұқымды аталық малды табынға қосқаны үшін 100 мың теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы  (субсидия) алу мүмкіндігі бар. Бұл жерде ескеретін жағдай - 25 бас аналық мал үшін 1 бас аталық болуы шарт.

Науқандық жұмыстың белгілі бір мерзімдік екендігін және қағидаға өзгерістер енген жағдайда талаптардың да өзгеріп, қаржы төлеу мүмкіндігінің шектелуі де ықтимал екендігін ескеріп, аталған жұмысты жандандыру қажет.

 Сондықтан, тұқымдық түрлендіру жұмыстарына көңіл бөліп, ыждағатты іс-қимылмен мал басы мен оның  сапасын арттыруға барынша үлес қосайық.

 

Мал шаруашылығы бөлімі 56-84-14