ЖТ-С-33
Шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру туралы
Ақтөбе қаласының жер қатынастарын реттеу және жер учаскесіне құқық беру комиссиясының хаттамалық шешімімен Сізге ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1000 га жер учаскесін 10 (он) жылға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын табыстау келісілген.
Табысталған жер учаскесін рәсімдеу үшін, жерге орналастыру жобасын әзірлеп қалалық уәкілетті органға бекітуге тапсыру қажет.
ҚР Жер кодексінің 43 бабы 2 тармағына сәйкес «Жер комиссиясы оң қорытындысының қолданылу мерзімі қабылданған күнінен бастап бір жылды құрайды. Біржылдық мерзімді өткізіп алу жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін негіз болып табылады».
ЗТ-Т-18
Ауыл шаруашылығы өндірісін енгізу үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскелерін беру нормаларын қолдану туралы
2016 жылдың 11 қарашасына дейін облысымызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері ҚР АШМ 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165 және ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлескен бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізу ережесіне» сәйкес табысталды.
2016 жылдың 11 қарашасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- ҚР АШМ № 474 бұйрығымен жоғарыда көрсетілген Ереженің күші жойылды.
2018 жылы 4 мамырда № 151-VІ Заңымен ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидасы» ҚР Премьер - Министрінің орынбасары – ҚР АШМ 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру туралы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің кеш қабылдануына байланысты облысымызда 2017-2018 жалдары жер учаскелерін ҚР Жер кодексінің 43 бабына сәйкес жер комиссиясымен берілді.
2019 жылдан бастап облысымызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері конкурс өткізу арқылы табысталуда.
ҚР Құқықтық актілер туралы Заңының 60 бабы 4 тармағына сәйкес «Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие».
ЗТ-А-36
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге байланысты жер учаскелерін қайта ресімдеуге қатысты
Ақтөбе облысы әкімдігінің "Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын акционерлік қоғамға беру туралы" 2020 жылғы 02 сәуірдегі қаулылар қабылданды.
ЗТ-А-67
Жер учаскесін бөлу туралы
ҚР Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес «Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады».
Конкурс өткізу туралы ақпарат жер учаскесі орналасқан жердегі әкімдіктің интернет ресурстарында, сондай-ақ «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Осыған байланысты Сізге ауданы әкіміне хабарласуыңызды сұраймыз.
ЗТ-Х-87
10 жыл мерзімге ұзақ мерзімді өтеулі жалға алу құқығымен жер учаскесін алдын ала таңдау жөнінде комиссия құруды сұрайды.
2020 жылғы 26 маусымда жер учаскесін алдын ала таңдау жүргізілгенін хабарлайды. Жер учаскесін таңдау схемасы мен актісі қоса беріледі.
ҰЖ-А-126
Жер пайларын қайтаруды сұрайды
ҚР Жер кодексінің 167 бабына сәйкес «Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады».
Осыған байланысты Сіздерге сот органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.
ЖТ-Т-3
Банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы техниканың бар-жоғы және мұндай техниканың кәсіпорын үшін иеліктен шығарылуы туралы мәліметтерді хабарлауды сұрайды
Ақтөбе облысының аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімдерінде кәсіпорынға ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникасы тіркелген жоқ.
ЗТ-Б-1
Субсидияланатын тұқымдардың егіс бірліктеріндегі шекті бағаларын бекіту туралы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2 / 664 бұйрығымен (бұдан әрі - Ереже) бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 3-тармағына субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағалары осы Ереженің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және аудандар (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары бөлінісіндегі есептемелерді және субсидияланатын тұқымдардың тиісті түрлеріне қалыптасып отырған нарықтық бағаларды растайтын құжаттармен ауыл шаруашылығы Министрлігіне ұсынылады.
Шекті бағалар отандық және шетелдік тұқымдардың орташа шекті бағасынан белгіленеді.
Шекті бағаны себу бірлігімен бекіту туралы сіздің ұсынысыңыз ескеріледі.
Әкімдіктің нормалар мен бағалар туралы қаулысын бекіту субсидиялау ережесінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады.
Әкімдіктің қаулысымен бекітілген нормалар мен шекті бағалар GOLDAU ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
ЖТ-Н-23
Субсидиялардың қалған үлесін алу үшін көмек көрсетуді сұрайды
Ақтөбе облысына 2019 жылға мал шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 5,6 млрд.теңге бөлінді. Шаруашылықтар алдындағы қарыз 2018 жылдың қортындысы бойынша 2,4 млрд.теңгені құрады. Жыл аяғында Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен облыс шаруашылықтары алдындағы қарыздарды өтеу мақсатында қосымша 3,6 млрд.теңге бөлініп, 837 шаруашылыққа субсидия төленді.
2019 жылға арналған 109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасына сәйкес, 18.12.2019 жылы «2019 жылға мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы» №508 облыс әкімдігінің қаулысы бекітілді. Аталған қаулыда шетелдік асыл тұқымды ІҚМ аналық басын сатып алу бағыты бойынша субсидия нормативі 335,0 мың теңгеден 225,0 теңгеге азайтылды. Себебі қосымша бөлінген 3,6 млрд.теңге республикалық бюджет қаражатының есебінен болғандықтан, үстіндегі 110,0 мың теңгені төлеу мүмкін болмады. Сондықтан 2019 жылдың тамыз айынан кейін шаруашылықтардың 335,0 мың теңгемен келіп түскен өтінімдері қаулыға сәйкес 225,0 теңгеге өзгертілді. Нәтижесінде 22 шаруашылықтың шет елден сатып әкелінген 4 630 бас ІҚМ аналығы үшін 509,3 млн.теңге кем аударылды.
Бұған дейін аталған бағыт бойынша қаржы институттарынан немесе шаруашылықтардан субсидия алуға келіп түскен өтінімдері кезек-кезегімен төленді. Тамыз айынан кейін барлық түскен өтінімдері мақұлданғанмен қаралған қаржаттың (квотаның) бітуіне байланысты субсидия төленбеді.
Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2020 жылғы бюджет есебінен төленбеген бас үшін 110,0 мың теңге төлеуге рұқсат беру туралы өтініш хат жолданды.
Аталған қарыздар «2020 жылға мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау туралы» облыс әкімдігінің қаулысына енгізілді. Қазіргі таңда, шаруашылықтар алдындағы туындаған қарызды өтеуге ҚР АШМ-нің келісімі алынды. Қаулы Әділет департаментінен тіркеуден өткізілгеннен кейін, басқарма аталған шаруашылықтарға қарыздарды төлеу мүмкін екендігін жеткізеді.
Сіз өтінішіңіз бойынша осы шешіммен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен оған шағым жасауға құқығыңыз бар.
ЗТ-О-25
Мал азығын субсидиялау нормативін арттыруды сұрайды
Қазіргі таңда, 15.03.2019 жылғы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау» №108 Қағидасына өзгерістер енгізілуі жоспарлануда.
Қағида жобасында сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша субсидиялау нормативі 120,0 мың теңгені жергілікті бюджет есебінен төленуі көрсетілген.
Алайда, сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша субсидиялау нормативін 120,0 мың теңгеден 240,0 мың теңгеге көтеруге жергілікті бюджет есебінен емес, тиісінше Орталық органның қаржыландырудың ең төменгі көлемін бекіту және қаржыландырудың ең төменгі көлемі шығыстардың жекелеген түрлеріне бағыттау туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды.
ЗТ-Б-44
"Кең дала" бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-дан "Сбербанк" ЕБ АҚ-ның банк кепілдігімен 150 млн теңге көлемінде қарыз қаражатын беруге көмек көрсетуді сұрайды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АФ мәліметіне сәйкес, «Кең дала» бағдарламасы бойынша 150,0 мон теңге көлемінде несие алуға берген өтінімі, бүгінгі күні мақұлданғағдығын хабарлайды.
ЗТ-К-43
Субсидиялауды бастау мерзімдерін реттейтін тармақтың бұрынғы редакциясын қайтару туралы мәселені қарауға бастамашылық ету туралы
Субсидиялауды бастау мерзімінің реттейтін тармағының бұрынғы редакциясын қайтару туралы, яғни қаржы институттарынан алынған қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын нақты есептеу сәтінен бастап белгілеу туралы мәселені қарау, Сіздің өтінішіңізді қарастыру, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына жіберілді.
ЗТ-Л-42
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының 7-тармағының 7-бөлігіне сәйкес субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесіне және 1 литрге (килограмм, грамм, дана) арналған субсидиялар нормаларына толықтыру енгізуді сұрайды.
Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидасының 7 тармағына сәйкес Сіз ұсынған ӨҚҚ Ауыл шаруашылығы Министрлігіне қосымша ұсынылғандығын хабарлайды.
ЗТ-М-45
№ 16 "суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту" жобасы бойынша ҚМЖ үшін инвестициялық салымдарды өтеу үлесін субсидиялауға жәрдем көрсету туралы»
Бүгінгі таңда qoldau.kz бағдарламсында бұл қателік АҚ Ақпараттық-есептеу орталығымен толығымен түзетілді.
ЗТ-Ш-32
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен комбайн сатып алуға 15% - ға дейінгі мөлшерде қосымша субсидиялау мүмкіндігін қарастыруды сұрайды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидасының" 18-тармағына сәйкес, жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін субсидиялар есебінен өтеу үлесін 35% - ға дейін ұлғайту мүмкін.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жіберілді.
ЗТ-К-47
Мемлекеттік қордан 6000 тонна арпа мен 6000 тонна бидайды жақын элеваторлардан қолайлы бағамен бөлу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрайды
Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының «отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» қарастырылған 7-1 бабы 2015 жылы 4 желтоқсанда аталған Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін алып тасталғандықтан облыста мемлекеттік астық ресурстары қалыптастырылған жоқ.
Бүгінгі таңда елімізден сыртқа экспорқа астық шығаруға тыйым салуына сәйкес, облыстағы астық экспорттаушылар астық қабылдау кәсіпорындарындағы сақтауда жатқан астығын ішкі нарыққа сатуға шығаруы мүмкін.
Сондықтан астық нарығына қатысушылар жеке заңды тұлғалар болуына байланысты, өздеріңізге қажетті астықты сатып алу үшін астық қабылдау кәсіпорындарының және астық тасмалдаушылардың басшылары мен өздеріңіз хабарласып, келісулеріңізді ұсынады.
ЖТ-М-69
Құс шаруашылығын ашуға көмек көрсету туралы
Сіздің құс шаруашылығын ашу жоспарыңыз, өзіңіздің қатысуыңызбен, басқарманың мал шаруашылығы бөлімінде талқыланып, ұсынысыңыздың басқарма тарапынан қолдау табатыны туралы айтылып, жұмысты жандандыру үшін тиісті кеңестер берілді.
Құс шаруашылығын ашу үшін қаржы институттарына жолығып, «Іскер», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы олардың шарттарына сай, кепілдік (залог) қойып, несие алуға құқығыңыз бар.
Сондай-ақ, «Бизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде бастапқы жарнамен кепілзатсыз несие алу және кәсіпкерлер палатасы тарапынан сервистік қолдау бойынша қаржылай емес қолдау алу мүмкіндіктері бар екенін есіңізге салады.
ЗТ-И-68
Өнімді шетелге экспорттау және экспорттаушылар тізіліміне енгізу үшін рұқсат беру құжаттарын беру бойынша іс-қимылдардың хронологиясын түсіндіруді сұрайды
Сіздің қолыңызда аудандық аумақтық инспекциясының сараптамалық актісі болғандықтан, Қытай, Иран, БАЭ және Евроодақ мелекеттеріне өнімдерді экспортқа шығара аласыз. Тек аумақтық кәсіпкерлік палатасына жолығып, олардың сұраныстары бойынша қажетті құжаттар тізбесін ұсынуыңыз қажет. Өз кезегінде аумақтық кәсіпкерлік палатасы жиынтық ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынып, жасақталатын тізбеге тіркейді.
ЖТ-Е-80
Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі бойынша
Хатта көрсетілгендей, бұған дейін, облыс әкімінің мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бағытталған қаулы жобасы, Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше мәрте жолданып, қолдау таппаған соң, облыс әкімінің бүгінге дейін күшінде болған қаулысы өзгерістермен қабылданды. Қаулыда субсидия үшін бөлінген қаржының негізгі бөлігі мал шаруашылығының басым бағыттарына (негізінен отандық және шетелдік асыл тұқымды мал сатып алу) бөлініп, кейбір бағыттардың субсидия көлемі азайтылып бекітілді.
Қазіргі кезде, жоғарыдағы қаулымен бекітілген қаржы көлемінің жеткіліксіздігі және шаруашылықтардың талап-тілектері мен ұсыныстары ескеріліп, облыс әкімінің мал шаруашылығын дамытуға байланысты жаңа қаулы жобасы дайындалу үстінде.
Қаулы жобасында «Сыйымдылығы 1 000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату» бағытына қосымша 78 705 000 теңге қаржы қарастырылған. Қаулыға облыс әкімі қол қойғаннан кейін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне келісуге жолданады. Аталған құжат Министрлікпен келісілген жағдайда ғана, жоғарыдағы бағыттағы қызметтерді қаржыландыруға рұхсат етіледі.
Бұдан соң құжат Әділет департаментіне тіркеліп, баспасөз бетінде жариялануы тиіс. Осы рәсімдер аяқталған соң, субсидиялауға өтінімдер қабылдана бастайды.
ЖТ-Б-122
Жер учаскесіне жалдау (жер пайдалану) құқығын сатып алу-сату шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, осындай шартты жасасу кезінде төленген сатып алу бағасы қайтарылуға жатады ма? Сондай-ақ осы мәселені реттейтін заңнама нормаларын көрсетуіңізді сұраймын.
ҚР Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 6-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының жер, Экологиялық, Орман, Су заңнамасында, Қазақстан Республикасының Жер қойнауы туралы, Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерін иелену, пайдалану және оларға билік ету, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау жөніндегі мүліктік қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Кодекстің 9-бабына сәйкес меншік иесі жер учаскесін сатқан немесе жалға берген, мемлекеттік емес жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесін кейінгі жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелері үшін төлемақының мөлшері, мерзімдері мен нысаны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу-сату немесе мүліктік жалдау шарттарымен айқындалады.
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 272 - бабына сәйкес міндеттеме міндеттеменің шарттары мен заңнаманың талаптарына сәйкес, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған кезде-іскерлік айналымның дағдыларына немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.
ҚР АК 403-бабының 4-тармағына сәйкес егер заңнамалық актілерде немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, Тараптар Шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін міндеттеме бойынша өздері орындаған жұмысты қайтаруды талап етуге құқылы емес.
Жер заңнамасында, сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алу бағасын қайтару шартының талаптарында да көзделмеген.
Сонымен қатар, жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар Кодекстің 167-бабына сәйкес сот тәртібімен қаралады.
ЖТ-Б-135
Сатылатын пестицидтерді субсидияланатын өнімнің тізіміне енгізу туралы
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 107 бұйрығының 78 тармағына сәйкес министрлікке мақұлдауға жіберілетін болады.