Меню

Страницы

Статья

Егіншілік

 
ҚР Жер кодексін іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы жерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ғылыми негізделген егіншілік жүйесін сақтауға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жұмыстарын бағыттайды.
Суармалы жерді пайдалану және суармалы егіншілікке озық технологияны енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізеді. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
Табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
Астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;
Бюджеттік бағдарламаларга сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суды жеткізуді, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық кұндылықтардың құнын арзандатуды, жабық топырақты және көпжылдық екпелерді субсидиялау;
Астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға тиісті құжаттарды дайындайды;
Тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге процентгік қатынаспен бекіту;
Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру;
Озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктер арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарын дамыту бойынша жасалған бизнес-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне сарапшы болуға қатысады;
Бөлім құзырына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстарды, арыздар мен өтініштерді уақытында тиянақты зерделеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
Аймақтық бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады;
Ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі шараларды қабылдайды.
Дата публикации
13 августа 2020
Дата обновления
13 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
Ақпарат
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ақпарат
27 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

Социальные медиа

selhoz_oblast

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы