Өсімдік шаруашылығы
2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 759,2 мың гектарды құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 77,5 мың гектарға артық.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 430,8 мың гектар алқапқа егілді (20,8 мың гектарға артық), оның ішінде бидай – 324,0 мың гектар (13,6 мың гектарға артық).
Майлы дақылдар 60,5 мың гектарды (13,4 мың гектарға артық), картоп – 3,2 мың гектарды (0,4 мың гектарға артық), көкөністер – 2,1 мың гектарды (0,2 мың гектарға артық), бақша дақылдары – 0,8 мың гектарды (0,2 мың гектарға артық) құрады.
Егін жинау
Ұлттық статистика бюросының №29-АШ статистикалық есебіне сәйкес, 2025 жылы облыс бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы жиналымы 463,0 мың тоннаны құрады. Бұл 2024 жылғы деңгейден 52,2 мың тоннаға аз.
Оның ішінде: бидай – 344,2 мың тонна (24,5 мың тоннаға аз), майлы дақылдар – 59,8 мың тонна (4,3 мың тоннаға артық), көкөніс дақылдары – 37,0 мың тонна (5,4 мың тоннаға артық), бақша дақылдары – 12,0 мың тонна (1,3 мың тоннаға артық), картоп – 58,8 мың тонна (7,6 мың тоннаға артық).