2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 412,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 102,5%-ды құрады.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 16,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:
Көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 12 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының санының өсуі сақталуда:
Ет өндірісі 117,2 мың тоннаны (101,8%) құрады, ал сүт өндірісі 180,8 мың тонна болып, өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға артты.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында өңірде 2025 жылы «Айс» ЖШС-нің 800 басқа кеңейтілген заманауи тауарлы-сүт фермасының құрылысының бірінші кезеңі іске қосылды.
Жалпы инвестиция көлемі – 6,6 млрд теңге. Кешен жылына 10 мың тонна сүт өндіруге қабілетті.
Қазіргі уақытта осы бағдарлама аясында ферманы кеңейтудің екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру өңірде сүт өндірісін 20 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Ауыл Аманаты» жобасы
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жоба аясында 219 несие берілді.
Жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері 647 жұмыс орны құрылды.
Өсімдік шаруашылығы
2025 жылы облыс бойынша:
Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында өткен жылмен салыстырғанда:
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 7,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бағасы литріне 250 теңгені құрады, бұл нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмен.
Астық сақтау
Астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 685,1 мың тоннаны құрайды, оның ішінде:
Бұл көлем жиналған өнімді толық сақтауға мүмкіндік береді.
Облыста 15 астық кептіргіш жұмыс істейді, оның ішінде:
«Кең дала-2» бағдарламасы
Көктемгі егіс және орақ жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін 5,9 млрд теңге несие берілді, оның ішінде:
Ауыл шаруашылығына инвестициялар
2025 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 77,8 млрд теңге инвестиция тартылды.
Анықтама үшін:
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13,8 млрд теңге сомасына 8 жоба іске асырылды.
Ағымдағы жылдың ірі жобаларының бірі – Ақтөбе қаласында «Kazfeltec» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытын салу.
Жылдық қуаттылығы – 2,5 мың тонна, инвестиция көлемі – 5,3 млрд теңге.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру
Апта сайын «Табыс» коммуналдық базарында және аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Жыл басынан бері облыста 671 жәрмеңке өткізілді, онда 2 752,0 тонна ауыл шаруашылығы өнімі 4 417,2 млн теңгеге сатылды.
Тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 5,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 700,0 млн теңге 1-санаттағы жұмыртқа сатып алуға бағытталды.
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында:
Бұл өнімдер «Табыс» коммуналдық базарына, «Табыс» әлеуметтік 18 павильонына, сондай-ақ «Анвар» және «Дина» ірі сауда желілеріне жеткізіледі.
Машина-трактор паркін жаңарту
Машина-трактор паркін жыл сайын 8–10%-ға жаңарту мақсатында 1 335 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде: