«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2024 жылғы  «02»   07

№174 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты мекемелері жоқ.
  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі    ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5.   «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының   лимиті қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Ақтөбе  облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.     
  11. Осы Ереже «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін тұрақты арттыру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;

3) бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттық әлеуетін арттыру;

4) агроөнеркәсіп кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;

5) машина-трактор паркін ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру,  механикаландыру деңгейін арттыру.

  1. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

  • өзіндегі жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыруға;
  • «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер  бойынша мемлекеттік заңды тұлғалар құру туралы ұсыныстар беруге;
  • «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған сұрақтар бойынша мемлекеттік  мекемелер және ұйымдармен  қызметтік хат алысу.

       Міндеттері:

  • өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтау;
  • өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау.
  1. Функциялары:
  • агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы және дамуы туралы ақпараттарды агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну;
  • қолданыстағы заңнамаға, осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстары әзірлеу;
  • облыстың аграрлық секторында тиісті өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал ету;
  • бюджеттік бағдарламалар, өтінімдер, агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын дамыту есебін орындау облыстық бюджет қаражат есебінен әзірлейді және оның ағымдағы және үш жылға белгіленген бюджеттің орындалуын ұйымдастыру;
  • «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып есептелетін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырады және есебін жүргізу;
  • қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бухгалтерлік, қаржылық және басқа да есептерді уақытылы жинақтауды және тапсыруды жүзеге асыру;
  • агроөнеркәсіп кешені кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, агроөнеркәсіп кешенінің салаларын мамандармен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;
  • астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
  • астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;
  • табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
  • басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялауды жүзеге асыру;
  • тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
  • ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;
  • суармалы жер алқабын ұлғайту және пайдалану, суармалы егіншілікке озық технологияны енгізу бойынша шараларды ұйымдастыру;
  • карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
  • уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмінін жобасын дайындау;
  • қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
  • пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозолдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
  • элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізу;
  • тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
  • тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
  • рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
  • облыс бойынша тұқымдар теңгерімін жасау;
  • ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;
  • өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
  • бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістері және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту бойынша ұсыныстар енгізу;
  • саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
  • отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
  • агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
  • тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
  • субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

  тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;

  • субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
  • байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
  • ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  • тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде тоқтата тұрады;

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті;

  • ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия бөлу;
  • бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;
  • асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
  • мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялау;
  • жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
  • өндіретін өнімдер бойынша аймақтық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру
  • агроөнеркәсіп кешен өнімдерінің бағаларына және базарларына, азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу;
  • өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асыру;
  • өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;
  • әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
  • ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізу;
  • азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына мониторингі жүргізу;
  • қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеу өнімдері өндірісі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын субсидиялау;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
  • тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
  • ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
  • мынадай:

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуына ықпал ету, техникалық сипаттамасын түсіндіру;

облыстын машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту саясатын жүзеге асыру, техникалардын жаңаруына мониторинг жүргізу;

машина-технологиялық станциялардың (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және ауыл шаруашылығы техникаларын қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге ықпал жасау,  мониторинг  жүргізу;

  • көктемгі және күзгі далалық, мал азығын дайындау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қажеттілігіне қарай жанар‑жағар маймен қамтамасыз етуге ықпал жасау;
  • ауыл шаруашылығы техникаларының далалық жұмыстарға дайындығы туралы есебін жүргізу және оларды белгіленген мерзімде жоғары тұрған органдарға беруді қамтамасыз ету;
  • ауыл шаруашылығы техникаларының далалық жұмыстарға дайындығы туралы ақпараттарды жинақтап, талдау жүргізу және оны жоғары тұрған органдарға белгіленген мерзім аралығында жолдап отыру;
  • агроөнеркәсiп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
  • өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау саласында төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларды өткізу және маусымдық жаттығуларға қатысу, олардың мониторингін жүргізу;
  • астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
  • Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
  • әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
  • астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
  • «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
  • тізілім деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

73) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

74) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

75) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

76) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

77) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

78) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

79) микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау;

80) микрокредиттерді ішінара кепілдендіру;

81) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша хаттамаларды жасау;

82) агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту бойынша iс-шаралар әзiрлеу;

83) бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесіне көшіру үшiн жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;

84) мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;

85) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;

86) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

87) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

88) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу.

 

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі   басқаруды        бірінші басшы жүзеге асырады, ол басқармаға      жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысын    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  басшысының      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  басшысының өкілеттігі:

1) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасарларының, бөлім басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

3) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыреті шегінде «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;

6) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапты болады.

7) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысы болмаған кезеңде  оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшышысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

                                                                              

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда      жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,      сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік    облыстық меншікке жатады.
  4. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру доспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және    тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
13 марта 2026