Өңірде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылы Басқарманың ұйымдастыруымен барлық қала және аудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен 671 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 4 417,2 млн.теңгені құрайтын 2752,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Биыл, яғни осы жылдың 7 ақпаны мен 26 желтоқсан аралығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге облыс әкімі орынбасарының қолымен кесте бекітіліп, «Табыс» коммуналдық базарында Ақтөбе қаласының және аудан тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сенбі күндері апта сайын өтуде.
Өңірде 100-дің үстінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, 7000-ға жуық мал шаруашылығы және 90-нан астам картоп пен көкөніс егетін ауыл шаруашылығы құрылымдары бар. Осы құрылымдардың барлығы өз аудандарында және облыс орталығында бекітілген кесте бойынша өтетін жәрмеңкелерге өнімдерін сатылымға шығарады.
Жәрмеңке өткізудің басты мақсаты – өнімдерді нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатып, ауыл шаруашылығы азық-түлігі өнімдеріне облыс тұрғындарының кол жетімділігін арттыру болып табылады.