Машина-трактор паркін жаңарту

Ауыл шаруашылығы саласында машина-трактор паркінің жаңа техникалармен жарақтануы - еңбек өнімділігін арттыруға себебін тигізетін факторлардың бірі.

Осы бағытта облыс көлемінде машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, 2026 жылдың 1 қаңтарына  облыс бойынша 1335 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оның ішінде 415 трактор,                      18 комбайн, 665 мал азығын дайындайтын техникалар және өзге де ауыл шаруашылығы агрегаттары. Машина-трактор паркінің жаңару көрсеткіші 7,0% құрап отыр.

Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингіге
958 ауыл шаруашылғы техникасы алынды.

Сонымен бірге, АӨК-де машина-трактор паркін жаңарту бойынша мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы құрылымдарына көптеген қолдаулар (субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, лизинг және т.б.) көрсетілуде.

Машина трактор паркін жаңарту бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Дата публикации
11 марта 2026