Басқармамен 2025 жыл бойынша жалпы саны 4386 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 4386 мемлекетік қызметтің қызметі жеке тұлғаларға 3055, ал 1331 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді.
Аталған кезеңде көрсетілген 4386 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99,8 % (пайыз) құрап отыр.
Көрсетілген 13 мемлекеттік қызметтердің ішінде жыл бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден 130 мемелекеттік қызмет бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру» - 4 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» - 116 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі); Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» - 10 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың толық тапсырмауы, олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің талаптарға сәйкес келмеуі); Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Өтініштерді уақытылы өндеу және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақытылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын №17 нысанға сәйкес мониторинг жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және барлық әлеуметтік желілерге орналастыру, аудандарға барып түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.