Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары!

14 қараша күні сағат 9.00-де Ақтөбе қаласындағы "Табыс" коммуналдық базарында Темір және Ойыл аудандары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдері, сондай-ақ басқа да өнімдер ұсынылады. Жәрмеңкелік өнімнің бағасы Ақтөбе қаласының базарларына қарағанда 10-15% - ға төмен болады.

Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі
Дата публикации
13 ноября 2020