Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

аналитикалық анықтама

 

Ақтөбе қаласы                                                                                                                                                        «1»  маусым  2025 жыл

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                    18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 8 – бабының 5-тармағына сәйкес «Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдайды», сондай-ақ «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) басшысының  2025 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығына сәйкес.

Ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1)    Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі қағидаттары заңдылық, объективтілік, жан-жақтылық, транспаренттілік болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі мен  талданатын кезең, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 1 маусымға дейін.

Өткен жылғы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, барлық ұсыныстар Ауыл шаруашылығы Министрлігіне жолданды. 

 

Сонымен қатар ағымдағы жылғы  ішкі талдау барысында төмендегідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

 

Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау - бағыты бойынша.

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  мемлекеттік қызмет заңнамаға сәйкес көрсетіледі.

Талдаумен анықталды:

 

  1. 1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

 

Тәуекел №1.

Қарыз алушы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының (ҚР АШМ 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген)                           4-тармағына сәйкес басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын (бұдан әрі-тізбе) сатып алуды көздейтін қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 (алты)% төлейді

Ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты сатып алуды көздейтін қарыздың қалған шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 15 (он бес) % төлейді.

Алайда, жұмыс органының мамандарының тізбеге сәйкестігін тексеруге мүмкіндігі жоқ, өйткені «Gosagro» ақпараттық жүйеде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының бір немесе басқа өндірушіге тиесілігін растайтын құжаттар қоса берілмейді.

1-ұсыныс. Осыған байланысты Қағидалардың 22-тармағына қарыз алушылардың қосымша салымын субсидиялауға ұсыныстар беру кезінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушіні көрсететін құжаттарды көздейтін өзгерістер енгізу қажеттілігі бар.

 

Тәуекел №2.

Қаржыландырудың жетіспеушілігі және қаражаттың игерілуі кезінде "GosАгро.kz" АЖ-да өтінім сомасының бір бөлігіне XML файлын қалыптастыру жолымен өтінім сомасын автоматты режимде ішінара төлеу мүмкіндігі жоқ. Жұмыс органының мамандары ішінара төлемді қолмен түзетуге мәжбүр.

1-ұсыныс. Осыған байланысты субсидияларды ішінара төлеу кезінде қатені болдырмау мақсатында өтінімдерді ішінара төлеуді автоматтандыру қажеттілігі туындайды.

 

  1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

 

Тәуекел №1.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бойынша субсидиялар белгiленген тәртiпке сәйкес мынадай бағыттар бойынша беріледі:

1) басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық көшеттер өндiруді дамыту;

2) тұқым шаруашылығын дамыту;

3)тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату;

4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандату.

Қағидаларда субсидиялау бағыттары бойынша қызметті алушылармен субсидиялар алуға арналған өтінім беру кезінде өтінімдерде тек мәліметтер толтырылады, бірақ тиісті растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсыну міндеттілігі талап етілмеген.

Құжаттардың көшірмелерін ұсыну міндетті болмағандықтан тауарды сатып алу-сату шарты және сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын төлем құжаттары, шот-фактуралар, тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен басқа да мәліметтердің дұрыс әрі сапалы толтырылғанына көз жеткізуге мүмкіндік болмайтын жағдайлар болады.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатуы мүмкін. Себебі, қате немесе жалған ақпарат беру ықтималдығын арттырады, бақылау механизмдерін әлсіретеді және өтінімдерді субъективті мақұлдау үшін алғышарттар жасайды.

 

Ұсыныс:

1) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде қызмет алушымен өтінім беру барысында өтінімде көрсетілген деректерді растайтын құжаттарды міндетті түрде жүктеу қажеттілігін енгізу;

2) қызмет алушымен субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тиісті құжаттарды жүктемеген жағдайда өтінім беру мүмкіндігін шектеу.

 

  1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

Тәуекел №1.

Ауыл шаруашылығы басқармасына облыс ауыл шаруашылығы құрылымдарынан субсидия алуға өтінімдер түсіп жатады. Түскен өтінімдердің заңдылығына шаруашылық басшылары ҚР Заңдарына сәйкес жауап береді деп айтылған. Бірқатар уақыт өткеннен кейін өтінімдердің іс жүзінде сәйкес  келмейтіндігі анықталып жатады. Түскен өтінімдердің нақты атқарылған жұмыстар үшін екендігіне жергілікті атқарушы орган өкілдері уақытылы көз жеткізбейді. Осының арқасында субсидияны негізсіз алу фактілері кездесіп отырады.

1-ұсыныс.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан берілген өтінімдері іздерімен аудандық ауыл шаруашылығы құрылымдары шаруашылықтарға шығып қадағалау (бақылау) жұмыстарын жүргізуі қажет деп есептейміз.

  1. 4. Механизация бөліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

 

 

Тәуекел №1.

Ақтөбе облысының сот актілерін орындау департаментінің, әділет департаментінің, облыстық (қалалық) мемлекеттік кірістер департаментінің, жеке сот орындаушыларынан жеке және заңды тұлғалардың меншіктерінде ауыл шаруашылығы техникаларының бар жоғы туралы сұраныс хаттары жиі келіп түседі. Басқарма әрі қарай келіп түскен сұраныс хаттарын 13 ауданға жолдайды және оның жауабын жинау жұмыстарын жүргізеді. Осы аралықта сұраныс хаттарына уақытылы жауап беру мүмкіндігі азаяды, бұл әрі қарай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

1-ұсыныс.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жұмысты оңтайландыру  мақсатында жоғарыда аталған мекемелер мен сот орындаушыларына Ауылшаруашылық Техникаларын Мемлекеттік Тіркеу (АШТМТ) базасымен интеграция (байланыс) жасалып өз ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңбасы) арқылы кіріп жеке және заңды тұлғалардың иелігінде ауыл шаруашылығы техникасының бар жоқтығын қарап тексеру іс шаралары атқарылуы тиіс.

 

Штаттық кестеге сәйкес осы мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілердің саны 01.06.2025 жылғы жағдайы бойынша  мемлекеттік қызметшілердің саны 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 бірлік — басшылық (басшы - 1 және басшының орынбасары – 2), 6 бірлік - құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 21 бірлік - бас мамандар.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сәтіндегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің нақты штат саны - 30 бірлікті құрады.

 

01.06.2025 жылғы жағдайы бойынша басқарманың құрамы                     6 бөлімнен тұрады:

1) Экономикалық талдау және агроөнеркәсіптік кешенін шағын

несиелеу бөлімі (бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды);

2) Егіншілік бөлімі (бөлімнің штаттық саны 5 бірлікті құрайды);

3) Мал шаруашылығы бөлімі (бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды);

4) Механизация бөлімі (бөлімнің штат саны 4 бірлікті құрайды);

5) Қаржыландыру және басқарма қызметін үйлестіру бөлімі (бөлімнің штат саны 5 бірлікті құрайды);

6) Қайта өңдеу бөлімі (бөлімнің штат саны 3 бірлікті құрайды).

 

 

Басқарма тарапынан жүргізілген оңтайландыру жұмыстары бойынша:

 

- 2025 жылдың 5 айында (қаңтар-мамыр) – Басқарма тарапынан ішінара  оңтайландыру жұмыстары жүргізілген жоқ.

 

Басқарма қызметкерлерінің ауысуы, жұмыстан босатылуы:

 

Басқарма тарапынан ағымдағы жылы 6 айында (қаңтар-маусым) мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Кабиев Нұржан Кабиұлы 2025 жылдың 5 мамыры №07-2/53 бұйрығымен өз қалауымен жұмыстан бостылды.

 

Басқармаға жалпы конкурс негізінде жаңадан келген мемлекеттік қызметкерлер :

«Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің, 2025 жылдың 5 қаңтардан бастап №6-ө өкімімен «Ауыл шаруашылығы басқармасы» басшысы болып                                         Асқар Қазиханұлы Жүсібалиев тағайындалды.

Ағымдағы жылы 8 мамырында №07-02/144 бұйрығымен Алмашев Махаббат Рысбекұлы мал шаруашылығы бөліміндегі бос тұрған штат бірлікке сәуір айында жалпы конкурс өткізіліп, жұмысқа қабылданды.

Сонымен бірге 2025 жылдың 10 маусымында №07-2/178 бұйрығымен Матбаев Нұржас Талғатович мал шаруашылығы бөліміндегі бос тұрған штат бірлікке қабылданды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдау тәртібі ішкі және жалпы конкурсттар арқылы жүргізіледі. Басқармаға қатысты  конкурстарды Ақтөбе облысы әкімі аппаратының біріккен персоналды басқару қызметі өткізеді. 

Лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды (оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және т.б.) бұзушылықтар анықталған жоқ.

2025 жылдың 5 айында Басқарма қызметкерлеріне 1 тәртіптік жаза қолданылды.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2025 жылдың 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейін Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) МО-ға келіп түскен өтініштерді тіркеу және қарау бойынша күнделікті есептілік нысанына сәйкес Басқармаға 197 өтініш түсті.  

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағы негізінде қаралған барлық өтініштерде арыз берушілерге шешімге әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды

тұлғаға қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда, шағым жасау құқығы хабарланды.  

 Мүдделер қақтығысын реттеу

 

2025 жылдың 1 мамырдан бастап 1 маусымға дейін басқармада жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызмет (жұмыс) фактілері анықталған жоқ.   

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттар жасайтын қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды жою тұрғысынан Басқарма қызметі бойынша заңнамаға талдау жүргізу қажет.

Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік функцияларды орындау кезінде ықтимал мүдделер қақтығысын болдырмау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың барлық түрлерін көрсетуге төзбеушілік таныту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау қажеттілігі көрсетілді.

  1. Жоғарыда баяндалғанның негізінде комиссия сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар қабылдау тиіс.

   

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия төрағасы:                                                                А. Ербазиев

 

Комиссия мүшелері:                                                            Н. Райымбаев

                                                                                              А.Канымкулова

                                                                                                     Г. Хайрова

                                                                                                     С. Кулекенова

                                                                                                     Б. Шамилов

                                                                                                     Е. Әділбек

 

Комиссия хатшысы:                                                           Б. Толыбек

Дата публикации
02 июля 2025