2025 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау
қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе
облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған басым дақылдар
тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының
Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік
ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 79 қаулысына қосымша
2025 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары
№ Басым ауыл шаруашылығы дақыл-
дарының атауы
Өлшем бірлігі Субсидия нормасы, теңге
1 Күнбағыс тонна 20 000,0
2 Мақсары тонна 10 000,0
3 Өнеркәсіптік жылыжай кешеніндегі
көкөністер
гектар 8 500 000,0
4 Фермерлік жылыжайдағы көкөні-
стер
гектар 3 400 000,0

 

 

2025 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын
бекіту туралы
ИНФОРМАЦИЯ О НОРМАТИВНОМ ПРАВОВОМ АКТЕ
Номер НПА 79
Дата принятия 05.05.2025
Номер государственной регистрации 8716-04
Дата государственной регистрации 14.05.2025
Орган государственной регистрации Ақтөбе облысының Әділет департаменті
Государственный орган разработчик
НПА
Ақтөбе облысының әкімдігі
Орган, принявший НПА Ақтөбе облысының әкімдігі
Номер в Госреестре НПА РК 210078
Официальное опубликование ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 15.05.2025
Регион действия Ақтөбе облысы
Отрасль законодательства Егін шаруашылығы. Бақша шаруашылығы Агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу
Основные и производные виды НПА Қаулы

Дата публикации
16 мая 2025