«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 110 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу
туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 110 қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8238
тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау
және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан
Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің
интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік
ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі.