2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

2024 жыл бойынша қорытынды

 

Басқармамен 2024 жыл бойынша жалпы саны 6869 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 6869 мемлекетік қызметтің  қызметі жеке тұлғаларға 5192, ал 1675 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді. Оның ішінде: электрондық түрде – 6861 қызмет, қағаз түрінде - 8.

Аталған кезеңде көрсетілген 6869 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 99,66 % (пайыз) құрап отыр.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылда                    мемлекеттік қызметті көрсетуден 252-қызмет бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.

  мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 26 қызмет (дұрыс емес мекен-жайға жолданған жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы орган Ақтөбе облысы әкімдігіне, тиісті өтінішпен жүгінуі қажет);

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 20 қызмет (дұрыс емес мекен-жайға жолданған жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы орган Ақтөбе қаласы әкімдігіне, тиісті өтінішпен жүгінуі қажет);

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 10 қызмет (дұрыс емес мекен-жайға жолданған жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы орган Ақтөбе қаласы әкімдігіне, тиісті өтінішпен жүгінуі қажет);

 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру» - 13 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» - 199 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі); 

тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,мал шаруашылығы өнімділігін және сапасын арттыру бойынша субсидиялау»-2 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);  

«Егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімі бойынша субсидиялау-4 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігі және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі); 

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын субсидиялау» - 3 қызмет (көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі);

Аталған есеп кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасына арыз-шағымдар түскен жоқ.

 Өтініштерді уақытылы өндеу және  электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылмау шаралары қадағалануда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауы және өтініштерді уақтылы қарау бойынша «Мониторинг» АЖ күн сайын №17 нысанға сәйкес мониторинг жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Басқарма мамандарымен мемлекеттік қызметтер қазіргі заң талаптарының нормаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және барлық әлеуметтік желілерде орналастырылады, тұрақты негізде аудандарға барып түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Басқармамен алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік қызметті уақтылы, сапалы және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Дата публикации
28 февраля 2025