2024 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы

2024 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау
қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе
облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған басым дақылдар
тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының
Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік
ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
Редакциялау күні 04.12.2024
Сақтау күні 12.12.2024
Дата редакции 04.12.2024
Дата скачивания 12.12.2024
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 355 қаулысына қосымша
2024 жылға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары
№ Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге
1 Күнбағыс 15 000,0
2 Мақсары 15 000,0

Дата публикации
12 декабря 2024