(ЖОБА) «2024 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 208 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2024 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612-04 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
26 сентября 2024