БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 625 қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының шекаралары оның шекарасына «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 180,1 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан қосу арқылы өзгертілсін.

Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының шекаралары жалпы ауданы
53 442,1 гектар болып белгіленсін.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының шекараларында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы сәйкестендірсін.
  2. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 сентября 2024