2024 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе
облысының әкімдігі : ҚАУЛЫЕТЕДІ
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылға арналған тыңайтқыштардың
(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі
және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына
(литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары
басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны
қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Қазақстан Республикасының
Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік
ететін орынбасарына жүктелсін.
Редакциялау күні 11.04.2024
Сақтау күні 19.04.2024
Дата редакции 11.04.2024
Дата скачивания 19.04.2024
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа
енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі                                         А. Шахаров

Дата публикации
19 апреля 2024