Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 17 тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2024 жылғы 4 қаңтарда №1 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы №1 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды:
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 01-2/378 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылдың 22 желтоқсанда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2024 жылдың 8 қаңтарында аяқталды. Есептемені қарау 63 бірлік, 1 пікір болды, пікір ескерілді.