««2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 77-тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, ««2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы         № 111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы».

Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2023 жылғы 31 қазандағы № 87 «Ақтөбе» және  «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.

  Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 10 қарашадағы №28 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды:

  • Ақтөбе қ. кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» ЗТБ;
  • «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінің қауымдастығы» ЗТБ.
  • Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 01-2/316 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылдың 26 қазанында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2023 жылдың 9 қарашасында аяқталды. Есептемені қарау 65 бірлік, 2 пікір болды, пікір ескеріліп түзетілді.

Дата публикации
13 ноября 2023