Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 111 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8342 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1, 2 - қосымшалары осы қаулыға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.