«Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8315 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

Дата публикации
19 октября 2023