««2023 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігі қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 63-тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2023 жылғы 15 тамыздағы № 65 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 24 тамыздағы №19 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды:
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 01-2/280 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылдың 9 тамызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2023 жылдың 23 тамызында аяқталды. Есептемені қарау 74 бірлік, 1 пікір болды, пікір ескеріліп түзетілді.