ПРОЕКТ
ЖОБА
«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 110 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі
№ 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8238 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтөбе облысының әкімі
|
|
Е. Тоғжанов
|