«Ақтөбе облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2020 жылғы                          30 наурыздағы  № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, қаулы жобасы енгізілсін.

Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2023 жылғы 7 ақпаңдағы № 11 «Актюбинский вестник» және  «Ақтөбе» газеттерінде  жарияланды.

  Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 22 ақпаңдағы №7 хаттамасына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.

          Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1-2/216 қорытындысы алынды.

Тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия көлемі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен қаралып мақұлданды,                    2023 жылғы  27 қаңтардағы  № 3-2-6/ 1212 ілеспе хаты.

          Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында                   2023 жылдың 24 қаңтарда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2023 жылдың 7 ақпанында аяқталды. Пікірлер болған жоқ.

Дата публикации
27 февраля 2023