Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы «29» шілдедегі № 280 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 19123 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2013 жылдың 6 қаңтарында №2 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы № 3 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындылары бойынша еш ескертулерсіз ұсынды.

Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 5 қаңтардағы №01-2/207 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 28 желтоқсан айында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2023 жылдың 13 қаңтарында аяқталды. Есептемені қарау 116 бірлік,   1 пікір, пікірге жауап берілді.

 

 

Дата публикации
15 февраля 2023