Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 63-тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 тіркелген бұйрығына сәйкес, 2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2023 жылғы 27 қаңтардағы №8 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 8 ақпандағы №6 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды:
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 01-2/215 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2023 жылдың 23 қаңтарда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2023 жылдың 9 ақпанда аяқталды. Есептемені қарау 147 бірлік, пікірлер болған жоқ.