Қызмет алушы қызмет көрсетушіге мына құжаттарды береді:
"А", "В" және "Г" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
- белгіленген үлгіде өтініш;
- № 073/у формасы - "Автомобильді басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтама";
- "Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық курсының дипломының немесе куәлігінің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" немесе "тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түсті фондағы фотосурет;
"Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
- белгіленген үлгіде өтініш;
- № 073/у формасы - "Автомобильді басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтама";
- "Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық курсының дипломының немесе куәлігінің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" немесе "тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түсті фондағы фотосурет;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызмет алушының еңбек қызметін растайтын құжат;
"Снегоходтар, квадроциклдермен басқаруға рұқсат" белгісімен тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
- белгіленген үлгіде өтініш;
- № 073/у формасы - "Автомобильді басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтама";
- "А" және "В" санаттарымен немесе "Б" және "В" санаттарымен тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе "А", "А1", "В1" рұқсат категориясымен жүргізуші куәлігінің көшірмесі;
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түсті фондағы фотосурет;
Тракторшы-машинист куәлігін алмастыру үшін:
- белгіленген үлгіде өтініш;
- № 073/у формасы - "Автомобильді басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтама";
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түсті фондағы фотосурет;
- ескі тракторшы-машинист куәлігі;
Тракторшы-машинист куәлігінің дубликатын алу үшін:
- белгіленген үлгіде өтініш;
- № 073/у формасы - "Автомобильді басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтама";
- тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
- өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түсті фондағы фотосурет;
**Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 "Тракторлар мен олардың негізіндегі өздігінен жүретін шасси мен механизмдер, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ арнайы жоғары проходимосты машиналарға басқару құқығын беру жөніндегі емтихандарды қабылдау және куәліктерді беру ережелерін бекіту туралы" бұйрығына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 8/7132/542894 телефонына хабарласуға немесе https://adilet.zan.kz/ сайтынан ақпарат алуға болады.