«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
- Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
- «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтөбе облысының әкімі
|
|
Е. Тоғжанов
|