«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы»

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 440 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                    Е.Тоғжанов

 

 

Дата публикации
28 декабря 2022