Жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы шығындарын өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

Жер кодексінің 105-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемi мен олардың сапасын қалпына келтiру арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында бюджет кiрiсiне өтелуге тиіс.

Атап айтқанда, «ТасТау-Со» ЖШС жер қойнауын пайдаланушыға Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен құрылыс тасын өндіру үшін карьерге жалпы ауданы 341,0 гектар жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді. Заңға сәйкес, бұл компания жер пайдалану құқығы берілген күннен бастап алты ай ішінде 23 990 280 (жиырма үш миллион тоғыз жүз тоқсан мың екі жүз сексен) теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны өтеуі тиіс еді. Жер қойнауын пайдаланушы 9 596 112 (тоғыз миллион бес жүз тоқсан алты мың бір жүз он екі) теңге сомасында шығындарды ішінара өтеді. 

Бұдан басқа, Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «Тұр-Шың» ЖШС жер қойнауын пайдаланушыға құм мен құм-қиыршық тас қоспасын өндіру үшін карьерге арналған жалпы ауданы 72,85 гектар жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді. Берілген жер учаскесіне мемлекет кірісіне өтелуге жататын 5 376 888 (бес миллион үш жүз жетпіс алты мың сегіз жүз сексен сегіз) теңге мөлшерінде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы бекітілді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы сомасы бюджет кірісіне түскен жоқ. 

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сотқа талап арызбен жүгінді.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен талап - арыздар қанағаттандырылды. Жоғарыда көрсетілген ауыл шаруашылығы шығасының сомасы бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Дата публикации
09 декабря 2022