«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығының аясында 2022 жылға Ақтөбе облысы бойынша республикалық бюджеттен 2 917 758 мың теңге, облыстық бюджеттен 846 270 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі күні 750 АӨК субъектісімен 1100-ге жуық ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып 2 204 325,9 мың теңге субсидия төленді, 115 шаруашылықпен малды суару мақсатында ұңғымалы құдықтар қазылып 152 086,8 теңге субсидия төленді, сондай-ақ, басқа да жобалар бойынша 21 шаруашылық 359 708,1 мың теңгеге мемлекеттен қолдау тапты.