Жерге орналастыру, жердің есебін жүргізу бөлімінің ережесі

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

Жерге орналастыру, жердің есебін жүргізу бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. I. Жалпы ережелер

1.1 Жерге орналастыру, жердің есебін жүргізу бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) құрымдылық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін басқарма басшысының және басшы орынбасарының басшылығында атқарады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:

2.1. Бөлімге берілген құзырет шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіру;

2.2. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    2.3. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

2.4. Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

2.5. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

2.6. Жерлерді пайдалану мониторингі бойынша мәлімет жинау және есебін жүргізу;

2.7.Жерлерді ұтымды пайдалану бойынша сараптама жүргізу және ұсынымдар жасау;  

        2.8. Жерлердің кадастрлық есебінің мониторингісі;

2.9. Мемлекеттік шекараның мәселелері;

2.10. Азаматтардың арыздарымен жұмыстарын сараптау және қорыту;

2.11.Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау.

2.12. Ауылдық аумақтарының дамуының мониторингі.

 

 III. Бөлімнің құқықтары

3.1. Өз қызметіне қатысты Басқарма басшысының шешімдер жобасымен танысуға.

3.2. Өз өкілеттігі шеңберіндегі мәселелерді, қабылданатын шешімдерді талқылауға қатысуға, олардың орындалуын тиісті бөлімдерден және лауазымды қызметкерлерден талап етуге.

3.3. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды алып отыруға.

3.4. Басшылықтың шешімі бойынша басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша отырыстарға, мәжілістерге, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуға.

3.5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға құқылы.

 

  1. IV. Бөлім қызметін ұйымдастырудың негіздері

4.1. Бөлімді еңбек заңнамасына және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқарма басшысымен тағайындалып, босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4.2. Бөлім басшысына бөлімге жүктелген міндеттемелерді сапалы және уақытылы орындалуы  үшін жауапкершілік жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2022