Экономикалық талдау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің ережесі

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

Экономикалық талдау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ереже

 

1.1. Экономикалық талдау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімі «Ақтөбе облысының  ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2 Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

       1.3 Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

 

  1. Негізгі міндеттері мен функциялары

 

2.1.  Облыс тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтемелеуде бәсекеге қабілетті өнім өндіру, еңбек өнімділігін арттыру негізінде,  ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен экономикалық өсуіне қол жеткізу бағытында мемлекеттік аграрлық саясатты іске асыру;

2.2. Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көрсетілген инвестициялық индикаторлардың орындалуы мен жобалық кеңсе жұмысы бойынша ҚР АШМ тиісті есептердің уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

        Экономикалық талдау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімі өзіне жүктелген мына функциялық міндеттерді  жүзеге асырады:

        - мемлекеттік  аграрлық азық-түлік саясатының механизмдері мен  негізгі бағыттарын  агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне  түсіндіру  жұмыстарын үйлестіреді;

        -  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің инвестициялық жобаларына қаржылық-экономикалық негіздемелерін дайындауды ұйымдастырады;

        -  2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асырылуын қадағалап, ұйымдастыру

       -  агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін АӨК  субъектілеріне мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

             - ауылдық несие серіктестіктері, ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік – дайындау орталықтарының жұмыстарына мониторинг жүргізеді;

        - облыстың АӨК - не  инновациялық  тәжірибені ендіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

         - «Жобалық кеңсе» бойынша «Агроөнеркәсіп кешені» бағытын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді ;

          - Аграрлық бизнес субъектілеріне инвестициялық жобаның паспорттарын толтырылуын ұйымдастыру, ресурстарды пайдалану есептерін жасайды;

         - АӨК-де инвестициялық жобалардың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты жинақтайды, талдап қорытуды қамтамасыз етеді және оны басшылыққа республикалық және жоғары тұрған мемлекеттік басқармаларға ұсынады;

        - облыстың әкімдігінде өткізілетін жиындар мен кеңестерге, АӨК кәсіпорындарының  аймақтың көрмелерге  материалдар дайындауға қатысады;

        - ақпараттық технологияны ендіру шараларын алады;

         - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың түскен өтініштерін қарайды.

         - «Жобалық кеңсе» бойынша ҚР Үкіметі, орталық мемлекеттік басқару органдары және облыстық әкімшіліктің жүргізетін селекторлық кеңестеріне анықтамалар, баяндамаларды дайындайды;

         - Басқарма бойынша барлық бюджеттік бағдарламалармен берілген субсидиялар бойынша есеп дайындайды;

          - Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын орындау, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мониторинг және талдау жүргізу;

         - «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы бойынша азаматтардан келіп түсетін өтініштерді уақытылы және сапалы түрде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік -процестік кодексіне сай жауап береді;

         

III. Құқығы мен міндеттері

3.1 Бөлім қызметкерлері өзінің міндеттерін орындауы үшін тиісті материалдық-техникалық қамтамасыздықты талап етуге;

3.2 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының келісімі бойынша техникалық кеңестің қарауына функционалдық міндеттерден туындайтын маңызды мәселелерді шешуге ұсыныс жасауға;

3.3 Аудандар мен Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығымен шұғылданатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3.4  Ауыл шаруашылығы басқармасына қажетті мәліметтерді мемлекеттік облыстық, аудандық басқармалар мен бөлімдерден кедергісіз алып отыруға;

3.5 Оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;

3.6  Жұмыс жоспарын сапалы және белгіленген мерзімінде орындау;

3.7  Өрт және қауіпсіздік ережесін сақтау;

3.8  Еңбек және қызметтік ережесін сақтау.

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның бөлімі қызметін ұйымдастыру.

 

4.1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

  • Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады.
  • Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесіне  ұсыныстар береді.
  • Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды, бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға дербес жауапты болады.

 

Дата публикации
09 декабря 2022