Егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімінің ережесі

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

Егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлімнің өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғыларын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрықтары мен нұсқауларын  және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Егіншілік және тұқым шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары

 

Мiндетi:

Өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімдерін өндіру және оны сыртқы нарыққа жеткізу, облыс халқының азық-түлік өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру негізінде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру есебінен экономикалық өсуді жүзеге асыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізу.

Көрсетілген міндеттерді орындау үшін бөлімге келесі функциялар жүктелген:

2.1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2.2. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2.3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйі мен дамуы туралы ақпарат беру;

2.4. Табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;

2.5. Облыстың аграрлық секторында қажетті өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға жәрдемдесу;

2.6. Облыстың бюджет каражатынан агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту

бағдарламаларының атқарылуына бюджеттiк бағдарламалар, өтiнiмдер, есептер әзiрлеу және оның ағымдағы және үш жылдык кезеңге орындалуын

ұйымдастыру;

2.7. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесі әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламалар бойынша есепке алуды және қаржыландыруды ұйымдастыру;

2.8. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау:

1) Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау;

2) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

3) Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау;

4) Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау;

5) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;

2.9. Карантиндiк объектiлердiң таралуының есебiн жүргiзу және уәкiлеттi органға және мүдделi тұлғаларға ақпарат беру;

2.10. Уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы қаулысының жобасын дайындау;

2.11. Қоршаған ортаны қорғау мен денсаулық сақтау салаларында үәкілетті мемлекеттік орғандарымен келісіп, «Пестицидтерді залалсыздандыру» бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

2.12. Пестицидтерді өндіру, өткізу, аэрозолды және фумигация тәсілдерімен қолдану бойынша мемлекеттік қызметтерді лицензиялау;

2.13. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру;

2.14. Суармалы жерді пайдалану және суармалы егіншілікке озық технологияны енгізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

2.15. Қазақстан Республикасы Жер кодексін іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы жерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ғылыми негізделген егіншілік жүйесін сақтауға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің жұмыстарын ұйымдастыру;

2.16. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

2.17. Астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;

2.18. Астық қабылдау кәсіпорындарын:бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;

2.19. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;

2.20. Облыстың дәнді дақылдар егуге арналған егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту;

2.21. Дәнді дақылдар егуге арналған егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;

2.22. Қазақстан Республикасының «Астық туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру (меморандум);

2.23. Озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктер арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарын дамыту бойынша жасалған бизнес-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне сарапшы болуға қатысады;

2.24. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2.25. Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес себілген тұқым есебін, байқаудан өткізу, тұқымдар балансын жасайды;

2.26. «Тұқым шаруашылығын колдау» 002, «Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын анықтау» 045 бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлейді;

2.27. Тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша әкімдік қаулыны шығаруға тиісті құжаттардың жобасын дайындайды;

2.28. Тиісті аумақта тұқымдық ресурстарға мониторингті жүзеге асырады;

2.29. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізуге жасалған жұмыс актілерін қабылдап, есебін жүргізеді;

2.30. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау, тұқым өндірушілерді, таратушыларды аттестациялау мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

2.31. Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді тұқым шаруашылығы субъектілеріне тиісті куәлік бере отырып аттестаттауды жүргізеді;

2.32. Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» заң талабына сәйкес тұқым шаруашылықтарына, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады;

2.33. Бөлім құзырына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстарды, арыздар мен өтініштерді уақытында тиянақты зерделеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

2.34. Аймақтық бағдармаларды әзірлеуді ұйымдастырады;

2.35. Ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі шараларды қабылдайды.

 

III. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі аудандық, қалалық атқарушы органдардың іс әрекетін үйлестіру.

3.2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, оған жүктелінген атқарымдарын жүзеге асыру үшін облыстық, қалалық, аудандық басқармалардан және облыстың мемлекеттік басқару ұйымдарының бөлімдерінен қажетті мәліметтерді алу.

3.3. Басқарма басшылығының тапсырмасымен кеңестерге, семинарларға бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша материалдар дайындау.

3.4. Бюджеттік бағдарламаларға қажетті есепті жүргізу және облыстың ауылшаруашылығы құрылымдары ұсынған бизнес-жобаларды сараптама жасауға қатысу.

3.5. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді талқылау үшін облыстың және басқарма басшылығы өткізетін жұмыс топтарына, жедел кеңестерге және коллегияларға қатысу.

3.6. Осы ережеге сәйкес атқарымдарды орындауға қажетті басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3.7. Жұмыс жоспарларын және функционалдық міндеттерін уақытылы және сапалы орындау.

3.8. Еңбек тәртібін, өрт және техника қауіпсіздігін сақтау.

3.9. Өзінің кәсіпкерлік деңгейін жетілдіру.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

4.1. Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.

4.2. Бөлімді Басқарма басшысы тағайындайтын (босататын) бөлім басшысы басқарады.

4.3. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім мамандарын мадақтауға немесе жазалауға ұсыныстар береді және функционалдық міндеттеріне қарай жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді;

4.4. Бөлім басшысы бөлімнің жалпы жұмысын басқарады, берілген тапсырмаларды дұрыс және уақытында орындалуына, мамандардың кәсіптік білімін көтеруді қамтамасыз етеді;

4.5. Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлiмнің құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар береді.

4.6. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

 

Дата публикации
09 декабря 2022