«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
мал шаруашылығы бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
I.Жалпы ереже
2.Бөлім өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
II.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды сыртқы нарыққа шығару, облыс тұрғындарының тағамдық өнімдерге сұранысын қанағаттандыру негізінде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру есебінен экономикалық өсімді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік бірыңғай аграрлық саясатын жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарын орындау;
3) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
4) бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және экспорт әлеуетін арттыру;
5) агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық және әлеуеттік тұрғыда тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Көрсетілген міндеттерді орындау үшін бөлімге келесі функциялар жүктеледі:
1) Агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктері жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізу;
2) Мамандандырылған мал өсіруші шаруашылықтар санының өсуіне жағдай жасау;
3) Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында көрсеткіштердің есебін жүргізу;
4) Ақпараттық технологияларды енгізу;
5) Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия бөлу;
6) Асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
7) Жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;
8) Малдарды қолдан ұрықтандыратын мемлекеттік пункттердің құрылысын, күтіп-ұстауын және қайта жарақтандырылуын қамтамасыз ету;
9) Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша регламенттерді әзірлеуге қатысу;
10) Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар мен тасымалдаушылардың малдарды қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарын субсидиялау;
11) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
12) Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;
13) Мал шаруашылығында инновациялық тәжірибені енгізу және тарату бойынша шығындарды өтеу;
14) Ауылшаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыруды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
15) Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жасақтау және әрі қарай оның басылымы үшін жоғары тұрған органға ұсыну;
16) Сұрыптау (бонитировка) жөніндегі мәліметтерді талдап қорыту және жоғары сапалы асыл тұқымды малдарды тиімді пайдалану мақсатында оның қорытындысымен мүдделі тұлғаларды ақпараттандыру;
17) Мал шаруашылығын дамыту бойынша ауылшаруашылығы тауар өндірушілерің бизнес-жобаларын жасауда көмек көрсету.
Құқықтары:
1) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша аудандық, қалалық атқарушы органдардың іс-әрекетіне басшылық жасайды және үйлестіру;
2) оған жүктелінген функцияларды жүзеге асыру үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қажетті есептік мәліметтерді облыстық, қалалық, аудандық басқармалардан, облыстың мемлекеттік басқару ұйымдарының бөлімдерінен алу;
3) басқарма басшылығының тапсырмасымен бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға материалдар дайындау;
4) бюджеттік бағдарламаларға қажетті есептерді жүргізу және облыстың ауылшаруашылығы құрылымдары ұсынған бизнес-жобалардың сараптамасына қатысу;
5) бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді талқылау үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығы өткізетін жедел кеңестерге, жиналыстарға, жұмыс топтарына қатысу;
6) Осы ережеге сәйкес функцияларды орындау үшін қажетті басқа да құқықтарды іске асыру.
Міндеттері:
7) Өзінің құзырына кіретін мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау;
8) Өзінің құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу;
9) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы ережемен қарастырылған өзге де міндеттерді іске асырады.
III. Бөлім қызметін ұйымдастыру