«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу бөлімінің
Е Р Е Ж Е С І
- I. Жалпы ережелер
1) Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу бөлімі «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ құрылымдық бөлiмшесi (одан әрі-құрылымдық бөлiмшесi) болып табылады.
2) Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3) Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның уәкiлеттi лауазымды адамы бекiтедi.
- II. Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Мiндетi:
- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін тұрақты арттыру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорттық әлеуетін арттыру;
- Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
Функциялары:
- сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға, ішкі және сыртқы нарықтарды агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерінің өткізу нарығын кеңейтуге ықпал ету;
- өндіретін өнімдер бойынша аймақтық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру;
- агроөнеркәсіп кешен өнімдерін сату бойынша көтерме сауда базарларын ұйымдастыру;
- агроөнеркәсіп кешен өнімдерінің бағаларына және нарығына, азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу және әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
- өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асыру;
- өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;
- Бюджеттік бағдармалар, өтінімдер, агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын дамыту есебін орындау облыстық бюджет қаражат есебінен әзірлейді және оның ағымдағы және үш жылға белгіленген бюджеттің орындалуын ұйымдастыру.
- азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
- ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту, оларды жаңарту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне ауыстыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар әзірлеу;
- отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізу;
- азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына мониторингі жүргізу;
- қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеу өнімдері өндірісі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын субсидиялау;
- агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
- агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
- агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосалқы құн салығы шегінде бюджетке төленген қосалқы құн салығы сомасын субсидиялау;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
- «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Заңын және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру;
- Аймақаралық ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне ауылшаруашылық кооперативтерінің қатысуын ұйымдастыру;
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімдеріне консультациялық қызметтер көрсету;
- Инвестициялық субсидиялар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және іске асыру. Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдармен (инвестициялық субсидиялар) жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуіне байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің аудиторлық бірлестіктерінің шығындарын субсидиялаумен байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- Облыстағы көкөніс қоймаларына өнімнің салынуын және өніммен толықтырылуын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізу.
III. Құқығы және мiндеттерi:
Құқығы:
1) Бөлімнің құзыреті шегінде аудандар мен Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
2) Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін облыстық, қалалық, аудандық басқармалардан және облыстағы басқармалардың мемлекеттік ұйым бөлімдерінен қажетті есеп беру мәліметтерін алу;
3) Оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;
4) Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары құру туралы ұсыныстар беруге;
5) Осы Ереженің 5 және 6 тармақтарына сәйкес атқарымдарды орындау үшін басқа да қажетті құқықтық шараларды алуға пайдаланады.
Міндеттері:
- Уақытында және сапалы өзінің функцияларын орындау.
- Өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу.
- Еңбектік және қызметтік тәртіпті сақтау.
- Өзінің кәсиби деңгейін жоғарылату.
- Өрт сөндіру қаупсіздігің сақтау.
- IV. Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн ұйымдастыру
1) Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
2) Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.
3) Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
4) Құрылымдық бөлiмшенiң басшысы мемлекеттiк органның басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
5) Құрылымдық бөлiмшенiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
6) Құрылымдық бөлiмшенiң басшысы құрылымдық бөлімшеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.