Механизация бөлімінің ережесі

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

Механизация бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. I. Жалпы ереже

 

1.1. Механизация бөлімі «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

Бөлімнің міндеттері:

2.1. Мынадай:

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникаларын және технологиялық жабдықтарын лизингке алуға ықпал жасау;

- машина-трактор паркін және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту шараларын ұйымдастыру;

2.2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

2.3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажеттілігіне қарай жанар-жағар маймен қамтамасыз ету.

2.4. Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

Бөлімнің функциялары:

- Машина–трактор паркін жетілдіруге және механикаландыру деңгейін көтеру, ескірген ауыл шаруашылығы машиналарын жаңа әрі сапалы түрлеріне алмастыруға ықпал ету, талдау жүргізу;

- Көктемгі және күзгі далалық жұмыстарына дизель отынының қажеттілігін анықтап және технологиялық карта бойынша жылдық есебін шығару;

- Ауыл шаруашылығы техникаларының есебін жүргізіп, машина-трактор паркі мен технологиялық жабдықтарды жаңарту саясатын жүзеге асыруға және лизинг арқылы алуына ықпал етеді;

- Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, жанар-жағар майға қажеттілікті анықтайды және оны алуға көмектеседі, қолда бары туралы мәліметтерді жинақтайды;

- Жаңадан сатылып алынып жатқан ауыл шаруашылығы техникалары мен агрегаттарының ай сайын есебін жүргізіп, мониторинг жасау және ауыл шаруашылығы техникаларының жарамсыздығына байланысты есептен шығару жұмыстарын ұйымдастыру;

- Ауыл шаруашылық техникаларының көктемгі және күзгі далалық жұмыстарына дайындығы туралы ақпараттар жинақтауды ұйымдастырып, жоғары органдарға белгіленген мерзім аралығында жолдап отырады;

- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асырады. Оның ішінде тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (ары қарай – машиналар) жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктерді беру қағидалары мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету әрекеттерін жүзеге асырады;

- Құзырлы органдар тарапынан келіп түскен сұраныс хаттар, тыйым салу қаулылары мен шектеу қою туралы шешімдерге уақытында жауабын беру және тыйым салынған, шектеу қойылған, кепілде тұрған машиналардың есептен шығып кетпеуін бақылап отыру;

- Техникалық инспекция жұмысына қажетті қатаң есептегі арнайы өнімдердің есебін жүргізу және аудандық (қалалық) ауылшаруашылығы бөлімдерінің сұраныстарына орай таратып беру;

- Аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің инженер-инспекторларына мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қателіктерге жол бермеу мақсатында практикалық көмек көрсету;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Агроөнеркәсіп кешені саласында үгіт-насихат жұмыстарын атқару;

- «Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін есепке алу және тіркеу» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарын жасайды;

- «Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «E-Agriculture» ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы техникаларының дерекқорын өзекті ету бойынша жұмыстарды жүргізеді;

- Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

- Төтенше жағдайлар жөніндегі құзыретті органдармен жұмыс және тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

- Техникалық инспекция саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді дайындауды қамтамасыз етеді. )

- Тозығы жеткен, одан әрі пайдалануға жарамсыз өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларын (тракторлар мен астық жинайтын комбайндар) кәдеге жарату (утилизация) бойынша іс-шараларды ұйымдастырады; ауыл шаруашылығы техникаларының кәдеге жарату тетіктерін аудандар және Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарына және облыстың фермерлеріне, шаруа қожалықтарына жеткізеді және түсіндіреді;

- «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы бойынша азаматтардан келіп түсетін өтініштерді уақытылы және сапалы түрде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік -процестік кодексіне сай жауап береді;

- инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. «qoldau.kz» ақпараттық жүйе бойынша жұмыстарды жүргізіп, субсидиялауды ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да міндеттерді атқарады.

III. Құқығы мен міндеттері

3.1 Бөлім қызметкерлері өзінің міндеттерін орындауы үшін тиісті материалдық-техникалық қамтамасыздықты талап етуге;

3.2 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының келісімі бойынша техникалық кеңестің қарауына функционалдық міндеттерден туындайтын маңызды мәселелерді шешуге ұсыныс жасауға;

3.3. Аудандар мен Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығымен шұғылданатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3.4  Ауыл шаруашылығы басқармасына қажетті мәліметтерді мемлекеттік облыстық, аудандық басқармалар мен бөлімдерден кедергісіз алып отыруға;

3.5 Оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;

3.6 Жұмыс жоспарын сапалы және белгіленген мерзімінде орындау;

3.7  Өрт және қауіпсіздік ережесін сақтау;

3.8  Еңбек және қызметтік ережесін сақтау.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

4.1 Бөлімді Басқарма басшысы тағайындайтын (босататын) бөлім басшысы басқарады;

4.2 Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді;

4.3  Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;

4.4 Бөлім басшысы бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттеріне қарай жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді;

4.5 Бөлім басшысы жұмыс регламентін сақтауды қадағалайды;

4.6  Бөлімде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану шараларын қабылдайды;

4.7  Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған іс-шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың қабылдануына дербес жауап береді;

4.8 Бөлім басшысы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалған орындаушы тұлға жүзеге асырады;

4.9  Бөлімнің атқаратын қызметіне жетекшілік етуді облыстық басқарманың орынбасары жүргізеді.

 

 

 

Дата публикации
07 декабря 2022