Ақтөбе облысындағы 2022 жылғы егінге ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары

Ағымдағы жылы облыс бойынша 717,9 мың га алқапқа егіс жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 367,8 мың га дәнді дақылдар, 88,6 мың га майлы дақылдар, 249,8 мың га мал азығы дақылдары, 6,2 мың га картоп және 5,5 мың га көкөніс-бақша дақылдары.

Егіс алаңдарын әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде, дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының алқабы 444,5 мың гектардан 367,8 мың гектарға азайып, майлы дақылдар егісінің алқабы 2021 жылмен салыстырғанда 19,8 мың гектарға ұлғайды (2021 жылы 68,8 мың га).

Посевные площади сельскохозяйственных культур под урожай 2022 года в Актюбинской области
Дата публикации
01 декабря 2022