Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін көктемгі және күзгі далалық жұмыстары кезінде арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан облысқа 2022 жылдың көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін - 9570 тонна арзандатылған бағадағыдизель отыны бөлінді (наурыз айына - 4000 тонна, сәуір айына – 3500 тонна және мамыр айына – 2070 тонна).

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізуші оператор болып - «Батыс Жер» ЖШС анықталды. Дизель отынын шаруашылықтарға жіберу бағасы – 184 теңге/литр. Бұл нарықтағы бағадан 15 - 20% арзан болды.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан облысқа 2022 жылдың күзгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін – 11000 тонна арзандатылған бағадағы дизель отыны бөлінді (шілде айына - 4000 тонна, тамыз айына – 4000 тонна және қыркүйек айына – 3000 тонна).

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізуші оператор болып - «АЗС-Лидер» ЖШС анықталды. Дизель отынын шаруашылықтарға жіберу бағасы – 191 теңге/литр. Бұл нарықтағы бағадан 15 - 20% арзан болды.

Жалпы бөлінген дизель отынының көлемімен ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі және күзгі далалық жұмыстарын жүргізуі толықтай қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары дизель отынының тапшылығын сезінген жоқ.

 

 

Дата публикации
30 ноября 2022