Қазіргі уақытта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы техникалық инспекция саласы бойынша халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлығы аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерімен көрсетіледі.
Сонымен бірге «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет түрі Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында да көрсетіледі.
Сондай-ақ бұл қызмет түрін www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталында электрондық түрде алуға мүмкіндік жасалған. Есепті мерзім аралығында 211 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 5 өтініш портал арқылы қабылданды немесе электронды түрде көрсетілген қызмет үлесі 97,7 % құрады.
Бүгінгі күнге мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.