Облыс көлемінде машина-трактор паркін жаңарту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Машина-трактор паркінің дайындығы және жаңаруы ауыл шаруашылығы жұмыстарының, оның ішінде көктемгі және күзгі далалық, мал азығын дайындау жұмыстарының агротехникалық мерзімде аяқталуына әсер ететін факторлардың бірі.
Есепті мерзімі аралығында облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 1368 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде 525 дана трактор, 32 дана астық ору комбайндары, 8 дана егіс кешендері, 59 дана сепкіштер, 67 дана жер өңдейтін, 577 дана азық дайындайтын, 53 дана суармалы машиналар және 47 дана басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Бұл бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.