Ақтөбе облысының азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі туралы анықтама

Ақтөбе облысы өз өндірісі есебінен халықтың ет өнімдері және дәнді және майлы дақылдарды қайта өңдеу өнімдері, картоп және көкөністердің кейбір түрлері сияқты азық-түлік тауарларының негізгі топтары бойынша қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Азық-түліктің кейбір түрлері бойынша жетіспейтін көлемдер елдің басқа өңірлерінен жеткізіледі және ішінара импортталады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс пен тұтыну теңгерімі әзірленді. Облыс халқы өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлік өнімдерімен, оның ішінде етпен, сүтпен, жұмыртқамен, нанмен, көкөніспен, картоппен, өсімдік майымен қамтамасыз етіледі.

Негізгі 32 азық-түлік тауарларынан облыс өзін 24 өнім түрімен қамтамасыз етеді (ұн, нан, макарон өнімдері, ІҚМ, құс және қой еті, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, сары май, өсімдік майы, картоп, көкөністер), ал 8 түрі (жарманың 4 түрі, күріш, қант, тұз, шай) басқа өңірлер есебінен, ішінара импорт есебінен қамтамасыз етіледі.

Облыстың тұрақтандыру қорында 12.12.2022 ж. бар өнімдер:

№

Тауар

көлемі, тонна.

1

Картоп

2309

2

Сәбіз

260

3

Пияз

270

4

Қырыққабат

46

5

Күнбағыс майы

0,1

6

1 сұрыпты ұн

1845

7

Қарақұмық жармасы

11,4

8

Күріш

12,4

Облыс тұрғындары үшін тұрақтандыру қорының өнімдерін «Табыс» коммуналдық және 17 шағын базарларында, сондай-ақ әлеуметтік дүкендер мен сауда павильондары арқылы жалпы қалалық бағадан 10-25% төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.

 

 

 

Дата публикации
08 декабря 2022