Мал азығы құнын арзандатуға бағытталған субсидия қаражатының игерілуі туралы анықтама

2020 жыл

2020 жылы бұл бағытқа 4 436,7 млн.теңге қаржы қарастырылды. Бірақ бұл соманың жетіспеушілігіне байланысты 2021 жылдың есебінен резервте тұрған 1 048,0 млн.теңге шаруашылықтар есеп-шоттарына аударылып, шаруашылықтарға 2 098 өтінім бойынша 2020 жылдың қортындысымен барлығы 5,5 млрд.теңге субсидия берілді.

2020 жылдың қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының басы 102,3%-дан 123,4%-ға дейін өсті. Асыл тұқымды мал үлесі де өсім көрсетті.

2021 жыл

2021 жылғы мал азығы құнын арзандату бағыты бойынша облыстық бюджеттен 7 341,6 млн.теңге субсидия қаржысы бөлінді. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 33,7%-ға артық. Жыл қортындысымен облыс шаруашылықтарынан ауыл шаруашылық басқармасына  2 851 өтінім түсіп, қаржы толықтай игерілді.

Жыл қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының басы 105,8%-дан 123,8%-ға дейін өсті.

2022 жыл

2022 жылғы мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағытында 13 230,7 млн. теңге қаржы қарастырылды (бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1 101,3 млн.теңгеге аз). Мал азығына бөлінген субсидия қаражаты 5 484,8 млн.теңгені құрап, 1 811 өтінім қанағаттандырылып отыр.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарынан мал азығының құнын арзандатуға қосымша 1 308 өтінім түсіп, барлығы 2 896,1 млн.тг. резервте тұр.

О.і. субсидия бағыттары бойынша:

  1. ірі қара мал азығын арзандатуға 746 өтінім, 1 959,9 млн.теңге;
  2. қой мен ешкі мал азығына 242 өтінім – 449,4 млн.тг;
  3. жылқы мал азығы үшін 320 өтінім – 481,1 млн.тг.

 

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдары алдындағы қарыздардан құтылу мақсатында жергілікті бюджеттен 1 996 978,7 мың теңге бөлініп, облыс әкімдігінің қаулысы тіркеу рәсімдерінен өткізілуде.

 

Дата публикации
25 ноября 2022