Жоба 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдар тізбесі мен нормалары бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі бекітілсін.
  3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы _______
№ ___ қаулысына 1 қосымша

 Басым дақылдар тізбесі мен субсидиялар нормалары

 №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге

1

Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр)

15 000,0

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы _________
№ ___ қаулысына 2 қосымша

 

         

  Өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемі

 №

Облыс атауы

Бюджеттік қаражат көлемі, теңге

1

Ақтөбе облысы

320 000 000,0

 

 

Барлығы

320 000 000,0





Дата публикации
04 мая 2022