Тракторист машинист куәлігін қалай алуға болады?

Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының  механизация бөлімі тракторист машинист куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.  ҚР АШМ  2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидасына сәйкес құжаттар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау қағаз және электронды (ЭЦҚ кілті арқылы elicense.kz желісі арқылы) түрде тұрғылықты жеріне байланысты жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса 54-28-94 байланыс телефонына хабарласуыңызға болады.

 

Дата публикации
10 марта 2022